Ai-news.kz. Қала әкімдігі жанындағы мобильді топ Қызылорда облыстық полиция департаментімен бірлесіп меншік нысанына қарамастан барлық ойын-сауық орындарында — мейрамханалар, кафелер, барлар және басқа да қоғамдық орындарда кальян шегудің алдын алу мақсатында күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізіп келеді. Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бақылау да күшейтілді Кеше Қызылорда қаласында жүргізілген рейд барысында ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабына сәйкес, қоғамдық орындарда темекі және кальян шегуге қатысты заң талаптарын бұзған азаматтарға әкімшілік хаттамалар рәсімделді.Бұл жұмыстар одан әрі де күнделікті жүргізілетін болады. Ескерту: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кальян қоспасын, қыздырылатын темекі бұйымдарын, электронды темекі мен оларға арналған сұйықтықтарды қоғамдық орындарда тұтынуға қатаң тыйым салынады.
Заңды сақтайық — өзіміздің және айналамыздағы адамдардың денсаулығына жауапкершілікпен қарайық!