Комиссия отырысы өтті
349
Комиссия отырысына комиссия мүшелері, кент және ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде «Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсету, қала бойынша кәсіпкерлікті дамытуға әйелдердің қатысу үлесін арттыру бағытында атқарылған шаралар туралы» және «Жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында атқарылған жұмыстар туралы» мәселелер қаралды.
Мамандардың айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кез келген түрі әрбір сегізінші отбасында бар. Әрбір үшінші отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық болса, әрбір жетінші әйел – экономикалық, әрбір алтыншы әйел – физикалық, әрбір үшінші әйел – психологиялық зорлық-зомбылыққа тап болады. Өкінішке қарай, қазіргі қоғамда отбасындағы кемсіту мен қорқыту қалыпты жағдайға айналды, тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмыстарына құлақ үйренді.
Комиссия төрағасы жауапты сала басшыларына отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілікке жол бермеу бойынша тиісті тапсырмалар берді.