"Үздік санитарлық жасақ" байқауы өткізілді
102
Ai-news.kz. Қызыл Ай Қоғамы Қызылорда облыстық филиалдың ұйымдастыруымен Батырхан Шукенов атындағы қалалық саябақта "Үздік санитарлық жасақ" байқауы өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты жас жеткіншектерді ұлтжандылыққа, алғашқы көмек көрсетуді, салауатты өмір салты қалыптастыруға тәрбиелеу, кәсіби бағдар беру. Жарысқа қала мектептерінің 9- 10 сынып оқушылары қатысып, байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар бағалысыйлықтар мен дипломдармен марапатталды. Байқауды өткізуге ат салысқан облыстық Төтенше Жағдайлар Департаменті, қалалық Білім басқармасы, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы, қалалық білім бөлімі, облыстық Жастар денсаулық орталығы, облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мекемелеріне алғысымызды білдіреміз.