Бірлігі жарасқан берекелі ауыл

235

Фото: aqmeshit-aptalygy.kzAi-news.kz. Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылын бірлігі жарасқан берекелі ауыл десе болады. Себебі, онда ағайынның ауызбіршілігімен талай тірлік атқарылып жүр. 

 

Қарауылтөбе ауылдық округі бойынша 2024 жылдың тоғыз айында атқарылған жұмыстар туралы талдамалық ақпарат 

 

ЖАЛПЫ АҚПАРАТ:

 

Ауылдық округтің халық саны 2768 адамды құрап  (2023 жылы – 2644 адам), өткен жылмен салыстырғанда 4,1 пайыз өсімді көрсетті. Экономикалық белсенді халық саны - 1370 адам. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны -192 адам. Жұмыссыздар саны - 26.

 

БЮДЖЕТ ЖӘНЕ САЛЫҚ БАЗАСЫН КЕҢЕЙТУ БОЙЫНША:

 

2024 жылы ауылдық округтің бюджеті 169,1 миллион теңгені құрап,

2023 жылмен салыстырғанда 25,4 пайызға көбейген.

Ескертпе: 2023 жылы бюджет қаражаты 125,9 миллион теңгені құрады.

2024 жылы 15 миллион 212 мың теңге салық түссе (жылдық жоспардың 131% пайызы орындалды). 2023 жылдың салыстырмалы кезеңінде 

жеті миллион 344 мың теңге түскен. 

 

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША:

 

Округте 129 шағын кәсіпкерлік субъектілері (заңды тұлға - төрт, дара кәсіпкерлер - 112, шаруа қожалықтары - 13) тіркелген. 

 

2024 жылдың тоғыз айы бойынша 14 кәсіпкерлік субъект тіркелсе, 

2023 жылдың салыстырмалы кезеңінде тоғыз кәсіпкерлік субъект тіркелді (71.4 пайызға көбейген).

 

«Іскер» бағдарламасы аясында 2024 жылдың тоғыз айы бойынша бес кәсіпкер 45 миллион теңге несие алған, сонымен қатар аграрлық несие корпорациясы арқылы бір кәсіпкер 5,0 миллион теңге несие алды. Ауыл аманаты жобасы аясында 2023 жыл соңында 16,5 миллион теңгені құрайтын екі жоба қолдау тапты. Аталған жоба аясында қазіргі таңда жеті жобаның құжаттары әзірленіп, өтінім берілуде. 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант (400 АЕК) бойынша 14,8 миллион теңгені құрайтын 10 жоба қаржыландырылды.

(2023 жылы аталған кезеңде төрт кәсіпкер 16 миллион теңге несие алған (33.3 пайызға көбейген)).

 

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА БОЙЫНША:

 

Округ бойынша 2024 жылы 39 отбасына - 7,5 миллион тенге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды (бір адамға- 31 379 теңге).

 

2024 жылдың тоғыз айына тұрақты жұмысқа 19 адам орналасып, ақылы қоғамдық жұмысқа 26 адам тартылды. «Бастау Бизнес» курсын алты адам оқып сертификат алды.

 

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ БОЙЫНША:

 

Қарауылтөбе ауылдық округінің жалпы жер көлемі – 6806 гектар.

 

Округ бойынша 700 гектар жерге күріш, 215 гектар ескі жоңышқа және 60 гектар жаңа жоңышқа, бес гектар бидай егілді.

 

Былтыр мал басы саны – 2532 болса, биыл 2665 бас тіркелген 

(105,2 пайызға көбейген).

 

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША:

 

Округ көшелеріндегі 476 дана түнгі жарықтандыру бағаналарын күтіп ұстауға қалалық бюджеттен 21,1 миллион теңге бөлінді.

 

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында қалалық бюджеттен А. Құнанбаев көшесінің бас жағына көшені жарықтандыру бағаналарын орнатуға мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес «Нұр Каз-Даму» ЖШС-гі жеңімпаз ретінде танылып, 2,1 миллион теңгеге тиісті жұмыстар жүргізілді.

 

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында округтегі жаңа қоныс аумағындағы жеті көшеге жаяу жүргіншілер жолының құрылысына мемлекеттік сатып алу заңының қорытындысымен «АлемТрансЖол» ЖШС-гі жеңімпаз ретінде танылып, 28,8 миллион теңгеге тиісті жұмыстар жүргізілді.

 

МЕРЗІМДІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ:

 

2024 жылы көктемгі әскерге жіберу межесі бес адам, орындалғаны

бес адам (100 пайыз). 

 

БІЛІМ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫ БОЙЫНША:

 

Ауылдық округ бойынша жалпы білім беретін А. Хангелдин атындағы № 179 орта мектебінде 508 оқушы білім алуда. Мектепке дейінгі білім беру бойынша округте «Расул Bala» жетпіс орындық жеке балабақшасында алпыс бала тәрбиеленуде. 

 

Қарауылтөбе ауылдық клубы бойынша барлығы жеті үйірме жұмыс жасайды. Оның алтауы бүлдіршіндер мен жасөспірімдерге арналған, барлығы сексен қатысушы қамтылған. Ауылдық округ бойынша төрт ойын алаңы мен екі спорттық жаттығу орны бар.

 

          ЖАСТАР САЯСАТЫ БОЙЫНША:

 

          Ауылдық округ бойынша жалпы 18-35 жас аралығында 852 жасты құрап отыр (ауыл халқының 30,9 пайыз).

 

Ағымдағы жылдың ақпан айында Қалалық «Qosyl» жастар ресурстық орталығы және Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі аппараты бірлесіп «Qosyl Wave» айлығы өткізілді. Аталған шарада жұмыссыз жүрген NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамту, мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңілдетілген несиелер, спорт және мәдени көпшілік іс-шаралар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында семинар тренингтер өткізілді.

 

Бұдан басқа, ауыл жастары арасында нашақорлықтың зардабы туралы түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізілуде.

 

Сондай-ақ, әр бағытта ұйымдастырылған қала көлеміндегі   спорттық шараларда ауыл жастары белсене араласып, жүлделі орындарға ие болып, тұрақты түрде қатысуда және қазіргі таңда кіші футболдан ауыл жастарынан құралған «Қарауылтөбе» командасы қалалық әуесқойлар лигасына  қатысып екінші орынды иеленді.

 

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША:

 

2024 жылдың тоғыз айы бойынша - алты қылмыс тіркеліп бес қылмыс ашылған.

 

Қылмыстың және мал ұрлығының алдын алу бағытында ауыл азаматтары жергілікті учаскелік полиция қызметкерімен бірлесіп түнгі кезекшілік ұйымдастырылған.

 

Алдағы уақытта да ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін арттыру, халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатындағы кешенді іс-шараларды жүзеге асыру жұмыстары өз жалғасын табатын болады.

 

Қарауылтөбе ауылдық округі бойынша 2024 жылы атқарылып жатқан жұмыстар туралы кестелік 

 

АҚПАРАТ

 

№      Атқарылатын жұмыстар         Өлшем бірлігі 

(шақырым, дана) Жоба құны

(млн. теңге)

1        Округтегі жаңадан қоныстанушы аумақтағы 12 көшеге жаяу жүргіншілер жолының құрылысын жүргізу       6,0     98,3

БАРЛЫҒЫ 335,3 миллион теңге

 

№      Атқарылатын жұмыстар         Өлшем бірлігі

(шақырым, дана) Қаржысы 

(млн. теңге)

1.       А.Иманов көшесі мен А.Иманов тұйығы-1, А. Құнанбаев тұйығына және А.Иманов пен Желтоқсан көшелерін байланыстыратын тұйыққа қайта жаңғырту (реконструкция) жұмыстарын жүргізу   2,5 километр    353,0

2.       Жеңіс көшесі мен А.Құнанбаев көшесінің басы, Ж.Әбдіхалықов тұйығы және А.Құнанбаев пен Ж.Әбдіхалықов көшелерін байланыстыратын тұйықтарға қайта жаңғырту (реконструкция) жұмыстарын жүргізу    1,3 километр        107,1

3.       Қарауылтөбе ауылдық округі, А.Иманов тұйығы- екі және Қырман маңындағы жолға құрылыс (қиыршық тас төсеу) жұмыстарын жүргізу       0,9 километр        33,8

4.       Қарауылтөбе ауылдық округі, Ж.Әбдіхалықов көшесінің бас жағына бөлігіне құрылыс (қиыршық тас төсеу, жаяу жүргіншілер жолы) жұмыстарын жүргізу   0,3 километр        38,7

БАРЛЫҒЫ 532,6 миллион теңге

 

Қарауылтөбе ауылдық округі бойынша 2024 жылы жоспарланған жұмыстар туралы кестелік

 

Қызылорда қалалық әкімдігі