Арнайы техникалардың қыс мезгіліне дайындығы тексерілді
324

Бүгін қала әкімі Нұржан Ахатов «Қызылорда тазалығы» мен «Жасыл Қызылорда» мекемесінің техникалық базасына барып, арнайы техникалардың қысқы мезгілге дайындығын пысықтады. Сонымен қатар, коммуналдық мекеме басшыларына қысқы маусымда коммуналдық қызметтің іркіліссіз жұмыс жасауын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
– Қар жауғанда және көктайғақ кезінде қала көшелеріндегі көлік қозғалысының, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолдарды уақытылы тазалау керек. Сол үшін қыс мезгіліне инертті материалдарының қоры, арнаулы қар жинақтау полигондарының жасалуы, жанар май қоры, жүргізушілер мен жол жұмысшылары санының жеткілікті болуы реттеліп отыруы қажет, – деп шаһар басшысы нұсқау берді.
Айта кету керек, «Қызылорда тазалығы» мекемесінде 154 дана техника бар. Оның қысқы кезеңге қатысатын 57 арнайы техникасы сақадай-сай. Сонымен қатар, мекеме базасында 2 310 тонна құм-тұз аралас қоспасы жинақталған. Қардан тазарту жұмыстарын атқару 2 ауысым бойынша жүргізіледі. Оған 270 жұмыс күші тартылады.
Мемлекет басшысы Жолдауында осы маселеге коніл болді. Мысалы, өзге елдер бізді қонақжай, ақкөңіл халық ретінде біледі. Дәл солай тазалық жұртымыздың қанына, жанына сіңген қасиет болуы керек.
"Таза Қазақстанның" аймақтарда сапалы жүзеге асуына әкімдер тікелей жауапты. Олар жұртқа істің мән-маңызын түсіндіріп, жұмысты дұрыс үйлестіруге міндетті.
Аймақ басшысы шаруашылықпен ғана айналыспайды. Әкім қоғамдық, рухани мәселелерді әрдайым назарда ұстауға тиіс. Әрбір басшы елмен етене жұмыс істеуі керек, тұрғындармен сенімді байланыс орнатуы қажет. Сонда жұрт та оның бастамаларын қолдайды, ел үшін пайдалы іске жұмыла кіріседі. Әкімнің абырой-беделі дегеніміз де – осы.