Астанада Сыр елінің жәрменкесі өтуде

135

Ai-news.kz. Астанада Сыр  елінің жәрменкесі өтуде.


Астаналықтарға Қызылорда облысының төлқұжатына айналған ақ күріші, балығы мен ас тұзы, қауын мен қарбызы, ұлттық сусындары жалпы 70 жүк көлікке тиелген 80-ге жуық Сыр дихандары мен тауарөндірушілері құны 270 млн. теңгені құрайтын 600 тоннадан астам түрлі өнімдер жеткізілді.


Атап айтқанда, 300 тоннадан астам күріш, 6 тонна ет өнімі, 30 тоннадай балық өнімі, 80 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек, 180 тонна бақша өнімі, 3 тонна ас тұзы, 15 тоннаға жуық сүт және кондитер өнімі бар.


Сонымен қатар, елордалықтарға ерекше көңіл-күй сыйлау үшін Сыр Елінің өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылмақ.