Сырдария ауданда техника саясатын жетілдіру және машина-трактор паркін жаңарту жұмыстары жалғасуда
Ai-news.kz. Сырдария ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында техникалық саясатты жетілдіру және машина-трактор паркін жаңарту бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асуда. Соңғы жылдары аудан шаруашылықтары ескі техниканы кезең-кезеңімен жаңартып, шетелдік заманауи, жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы машиналарына басымдық беріп келеді. Бұл үрдіс жергілікті аграрлық сектордың еңбек өнімділігін арттыруға және өндірістік процестердің тиімділігін жоғарылатуға зор мүмкіндік беріп отыр.
Бүгінгі таңда аудан бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдарының балансында жалпы 30 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникасы тіркелген. Бұл техникалар толық көлемде статистика бөліміне енгізіліп, негізгі қорға барлығы 1 миллиард 628 миллион 040 мың 305 теңге көлемінде инвестиция салынды. Мұндай ауқымды қаржыландыру ауыл шаруашылығын техникалық тұрғыдан жаңғыртудың және өндіріс қуатын арттырудың нақты дәлелі болып табылады.
Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі арқылы тұрғындар мен шаруашылықтарға 4 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Биылғы жылдың өзінде аталған бағытта жалпы 169 мемлекеттік қызмет ұсынылып, халыққа сапалы және уақтылы қызмет көрсету қамтамасыз етілді.
Атап айтқанда:
1.Ауыл шаруашылығы техникаларын ауыл шаруашылығы нөмірлік тіркеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша заңды және жеке тұлғаларға 62 техника тіркелді.
2.«Ауыл шаруашылығы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты бойынша оқу орнын бітірген куәліктеріне сәйкес және ескі үлгідегі куәліктерін жаңа үлгідегі куәлікке айырбасталып, барлығы – 56 тракторист-машинист жүргізушілік куәліктері берілді.
3.«Ауыл шаруашылығы машиналарды жыл сайынғы техникалық байқаудан өткізу» стандарты бойынша 11 өтініш түсіп, барлығы 108 техника техникалық байқаудан өткізілді.
4.«Ауыл шаруашылығы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 17 қызмет көрсетілді.
Сонымен қатар, 2025 жылы аудан бойынша 34 ауыл шаруашылығы техникасы есептен шығарылды. Бұл көрсеткіш ескі және тозығы жеткен техникалардың орнын заманауи, қуатты және энергия үнемдейтін үлгілермен алмастыру саясатының тиімділігін дәлелдейді.
Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту — өндіріс тиімділігін арттырумен қатар, еңбек өнімділігін өсіріп, аграрлық секторды цифрландыру мен автоматтандыру үдерісін жеделдетуге мүмкіндік береді. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасып, аудан диқандары мен шаруаларының жұмысына қолайлы жағдай туғызуға бағытталмақ.
Сырдария ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі саладағы қызметтердің сапасын арттырумен қатар, техникалық база мен кадрлық әлеуетті нығайтуға ерекше көңіл бөліп отыр. Бұл өз кезегінде ауданның ауыл шаруашылығы өндірісінің заманауи талаптарға сай дамуын қамтамасыз етеді.





