М.Шоқай көшесін кеңейту және жөндеу жұмыстары

311

Ai-news.kz.  Облыс әкімінің қолдауымен Қызылорда қаласының жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Шаһардағы негізгі көшелердің кеңейтілуі мен абаттандыруы, сондай-ақ ауылдық және шет аймақтардағы жолдарды жаңарту арқылы көлік қатынасы реттеліп, тұрғындардың өмір сүру сапасы арттырылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар қаланың дамуына, логистикалық әлеуетін арттыруға және қоғамдық көлік жүйесінің тиімділігін қамтамасыз етуге зор үлес қосуда.

Осы ауқымды жобалардың бірі – М.Шоқай көшесінде жүзеге асырылып жатқан жөндеу жұмыстары. Аталған жолдың А.Айдосов көшесінен С.Бейбарыс даңғылына дейінгі бөлігінде жөндеу жұмыстары мердігер мекеме «Қыран» ЖШС арқылы жүргізілуде. Жобаның негізгі мақсаты – көшенің тас жолын екі шақырымға дейін кеңейтіп, төрт жолақты етіп жасау, сондай-ақ жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге арналған жолақтарды салу.

Жұмыс барысында заманауи стандарттарға сай жарық бағаналары орнатылып, көшенің қауіпсіздігі мен қолайлылығы қамтамасыз етіледі. Көшенің сапалы абаттандырылуы қала тұрғындарына жайлы орта қалыптастыруға, автокөлік ағынын тиімді басқаруға және апат қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Бұл шаралар қаладағы инфрақұрылымның дамуын, көлік қозғалысын ұйымдастырудың сапасын арттыруды, сондай-ақ тұрғындардың күнделікті өмірін жеңілдетуді көздейді. Жобаның аяқталуымен М.Шоқай көшесі тек көлік үшін емес, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер үшін де қауіпсіз әрі ыңғайлы орынға айналады.