Аудан әкімінің міндетін атқарушысы азаматтарды қабылдады

216

Ai-news.kz.  Тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды

Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев кезектілікке сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Қабылдауға келген тұрғындар өтініш-теліктерін жеке-жеке жеткізіп, күнделікті өмірінде кездесетін түрлі мәселелерін шешуге көмектесуін сұрады. Көпшілік тұрақты жұмысқа орналасу, тұрғын үй кезегі, көшелерді асфальттау, ауыз су және газбен қамтамасыз ету сияқты өзекті мәселелерді көтерді.

Жалғас Оңғарұлы әрбір тұрғынның ұсынысын мұқият тыңдап, түсініктеме берді. Ол көтерілген мәселелердің заңдылыққа сай қарастырылып, шешім табуы үшін тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, көшелерге асфальт төсеу жұмыстарының сапасы мен жылдамдығын бақылау мақсатында жауапты мамандарға зерделеу жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды. Аудан басшысы өз тарапынан кейбір маңызды жерлерге барып, жұмыстарды тексеретіндігін атап өтті.

Қабылдау барысында тұрғындар өз ұсыныстары мен пікірлерін ашық білдіріп, олардың шешілуіне қатысты жүйелі әрі тиімді іс-шаралар ұйымдастырылатынына сенімдерін білдірді. Бұл кездесу тұрғындардың билікке деген сенімін арттырып, қоғамдағы диалогты нығайтуға бағытталған маңызды шара болды.