Қарауылтөбе ауылында инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асуда

155

Ai-news.kz.  Брифингтен ақпарат

Қарауылтөбе ауылдық округінде биыл бірқатар әлеуметтік маңызы зор жобалар қолға алынып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асуда. Елді мекеннің инфрақұрылымын дамыту – ауыл халқы үшін жайлы әрі қолайлы жағдай қалыптастырудың негізгі алғышарттарының бірі екені белгілі.

Атап айтқанда, электр желілерін реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп, халықты үздіксіз әрі сапалы электр қуатымен қамтамасыз етуге басымдық берілуде. Бұдан бөлек, ауылдағы балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік туғызу үшін Байсейітов көшесінде жаңа ойын алаңының құрылысы басталды. Бұл шағын аудан тұрғындары үшін көптен күткен қуанышты жаңалықтың бірі болып отыр.

Сонымен қатар, жаңадан қоныстанған аумақтағы 5 көшеге жарық шамдары орнатылып, тиісті жұмыстар толық аяқталды. Жаңа шамдардың іске қосылуы түнгі уақыттағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, ауылдың жалпы көркін айшықтай түсті.

Жалпы, қолға алынған бұл жобалар ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беріп, жергілікті халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.