Қызылорда қаласындағы жол бойы кешендеріне мониторинг жүргізілді
442
Оңтүстік аудандарға баратын жол бойында орналасқан Амангелді кешені – қала маңындағы ірі сервистік нысандардың бірі. Мұнда 6 бөлмелі қонақ үй бір мезгілде 50 адамға дейін қабылдай алатын асхана, жуынатын орын мен санитарлық бөлме, көлікке арналған вулканизация қызметі, маусымдық монша және 50-ге жуық көлікке арналған кең автотұрақ қарастырылған.
Кешендердің өрт қауіпсіздігі құралдарымен жабдықталуы мен санитарлық жағдайы да мұқият тексерілді.
Қала әкімдігі алдағы уақытта да халыққа ыңғайлы, қауіпсіз және сапалы қызмет көрсететін инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастыратын болады.





