Байырқалы бастамалардан өркенді өзгеріске
Ai-news.kz. Ауылға көңiл бөлу және оның жағдайын жақсарту – мемлекеттiк мәнi зор iс. Кез келген экономикалық реформаның түпкi мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру. Осы бағыттағы игі бастамалар өркенді өзгерістерге бастап келеді.
Қызылжарма ауылдық округінің халық саны:
9036-ды құрап, оның ішінде экономикалық белсенді халық саны
6455 адам болса, жұмыссыздық деңгейі 0,3 пайызды құрайды
2024 жылдың 10 айдың қортындысымен ауылдық округ бойынша салық түсімдерінің жоспары 30 595, 9 мың тенгеге бекітіліп, салық түсімі 38 924,8 мың теңгеге орындалған, пайыздық көрсеткіші 127,2 пайыз.
№ Салық түрлері 2024 жылдың 9 айдың жоспар 2024 жылдың 9 айдың орындалуы Пайызы
1 Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы (101202)
11 414,3 19 360,2 169,6 пайыз
2 Жеке тұлғалардың мүлік салығы (104102)
1165,0 1020,6 87,6 пайыз
3 Елді-мекендердің жер салығы (104302)
879.7
119,9 136,1 пайыз
4 Заңды тұлғалардың көлік салығы (104401)
221.0 221,1 100,0 пайыз
5 Жеке тұлғалардың көлік салығы (104402) 16 482.9 16 592,8 100,7 пайыз
6 Жер учаскесін пайдаланғаны үшін салықтар (105315)
18.0 22,6 125,8 пайыз
7 Біріңғай жер салығы
(104501) 415.0 510,4 123,0 пайыз
Барлығы 30 595,9 38924,8 127,2 пайыз
Инфрақұрылым және коммуналдық сала бойынша
Қызылжарма ауылдық округі бойынша 2024 жылға «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 737 миллион 900 мың теңге қаржы қаралып округтегі
алты көшеге күрделі жол жөндеу (асфальт) жұмыстары жүргізілді. (Анықтама үшін: Нағи Ильясов, Нұргелдиев, Жахаев, №13, №61, Ермаханов көшелері).
Жергілікті бюджеттен бөлінген 5,0 миллион теңгеге Дүйсенбиев, Мұратбаев, Новая көшелеріне түнгі жарық бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілді.
Жергілікті бюджеттен қаралған екі миллион 596 мың теңге ауылдағы балалар ойын алаңдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жергілікті бюджеттен қаралған екі миллион 420 мың теңгеге ауылдық округтегі көшелерге ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, қазіргі таңда Қалалық құрылыс бөлімі арқылы 617 345,5 мың теңгеге округтегі жиырма екі көшеге талапқа сай электр желісін жүргізу жұмыстар жүргізілуде.
2024 жылға ауылдағы санитарлық тазалық жұмыстарына 2,2 миллион теңге және округтегі түнгі жарықтандыруды күтіп ұстауға 40,2 миллион теңге қаралып, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Өңірлерді дамыту аясында сегіз миллион теңгеге Сералиев, Сексенбаев тұйықтарына тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
Кәсіпкерлік саласы бойынша
Қызылжарма ауылдық округінің жер көлемі 30 232 гектар. Ауылдық округінің халық саны 9036 адамды құрап, оның ішінде 2 325 отбасы тұрады. Белсенді халық саны – 6 455 . Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 1092 жұмыссыздар саны – 25 адамды құрайды. Оның ішінде өнімдісі 1 092 адамды адамды құрауда.
Қызылжарма ауылдық округінде 2024 жылдың 10 айында 499 кәсіпкерлік субъекті тіркелген, Оның ішінде: 259 мал шаруашылығы,
16 шаруа қожалығы, 30 дүкен, үш монша, төрт шаштараз, бес – көлік, бір кондитерлік цех, екі ауыз су өндірісі, екі дәріхана, бір мейрамхана, бір асхана, екі пластика есік, терезе шығаратын, алты тігін цехы, бес дәнекерлеу цехы, он бір көлік тасымалы, екі оқу орталығы, екі АӨК кооперативі, екі сауда саттық, екі жеке балабақша, 143 басқада салада жұмыс жасауда.
Жалпы 499 кәсіпкерлік субъектінің бір ЖШС, 480 жеке кәсіпкер, 16 шаруақожалығы және екі ауылшаруашылық өндірістік кооперативі бар.
Мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы:
2024 жылыдың 10 айында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Жұмыспен қамтудың 2021-2025 жылдарына арналған жол картасы» аясындағы «Іскер» бағдарламасы аясында 34,0 миллион теңгені құрайтын жеті жоба құжаттарын толық тапасырып, қаражаттарын алды.
Сонымен қатар, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ЖШС-нің арқылы 5,0 миллион теңгені құрайтын бір жоба қаржыландырылды.
2024 жылдың 10 айына «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант (400 АЕК) бойынша 20,7 миллион теңгені құрайтын он төрт жоба қаржыландырылды.
Сонымен қатар, «БАЙҚОҢЫР (БАЙКОНУР) ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ» акционерлік қоғамы арқылы бүгінгі күні 9,2 миллион теңгені құрайтын бір жоба қолдау тапты.
2024 жылдың 10 айында «Бизнес-Бастау» оқу курсы аясында Қызылжарма ауылдық округінен 94 адам оқытылып, сертификаттарын алды.
Өзгеде бағдарламалар аясында 245,8 миллион теңгені құрайтын 44 жоба қаржыландырылды.
Барлығы: 314,7 миллион теңгені құрайтын 67 жоба қаржыландырылды.
Жер саласы бойынша
Қызылжарма ауылдық округінің жер көлемі 30 232 гектар. 2024 жылы Қызылжарма ауылдық округі бойынша өзіндік қосалқы шаруашылыққа - 48 жер телімі және жеке тұрғын үй құрылысы үшін-1 жер телімі табысталған. Екі жер телімі бойынша нысаналы мақсаты өзгертілген. Қазіргі таңда ауылдық округі аумағында 2011-2018 жылдар аралығындағы жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер кезектілігінде тұрған азаматтар саны - 4430 құрайды.
Әлеуметтік сала бойынша
Ағымдағы жылдың 10 айдың қорытындысымен ауылдағы тұрмыс деңгейі аз қамтылған адам саны 1287 құрайтын 231 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, жалпы соммасы 71 688, 4 мың теңге қаржылай қолдау көрсетілді.
2023 жылдың 10 айдың қортындысымен адам саны 1656 құраған 325 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, жалпы соммасы 95 656,6 мың теңге қаржылай қолдау көрсетілген болатын.
Сондай – ақ, ауылымызда қайырымдылық шаралары да тұрақты жүргізіліп келеді.
Жыл басынан бері қайырымдылық, қамқорлық акциялары аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы және жалғыз басты 150 -ге жуық отбасыға азық –түліктей көмек көрсетілді.
Бюджеттің орындалуы
Қызылжарма ауылдық округі бойынша 2024 жылдың 10 ай қорытындысымен 855 912,6 мың теңге қаржы қаралып, 855 806,7 мың теңге игеріліп, 100 пайызға орындалды.
Қызылорда қалалық әкімдігі