Жоба
Ai-news.kz «Ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 475 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 475 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7770 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы |
| Аты-жөні |
Қызылорда облыстық мәслихатының
2024 жылғы «___» ____________ № _____ шешіміне
қосымша
Қызылорда облыстық мәслихатының
2020 жылғы «21» қазандағы № 475 шешіміне
қосымша
Ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері
1. Әлеуметтік қолдау ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа кемінде 5 (бес) жыл мерзімге жіберілген аса тапшы мамандықтардың медицина және фармацевтика қызметкерлеріне (бұдан әрі - қызметкер) бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін бір жолғы көмек болып табылады және еңбек шартын жасасқаннан кейін қызметкердің жеке шотына аудару жолымен төленеді.
2. Әлеуметтік қолдауды көрсету «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады.
3. Әлеуметтік қолдау ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа уәкілетті орган жіберген және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі - жұмыс беруші) еңбек шартын жасасқан, жоғары медициналық білімі, тиісті маман сертификаты бар қызметкерге төленеді.
4. Уәкілетті органның жолдамасы бойынша жұмыс беруші «Қазақстан Республикасының
Еңбек кодексі» Қазақстан Республикасы кодексінің талаптарына сәйкес қызметкермен еңбек шартын жасасады.
5. Өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты ауылдық жерде және кенттерде, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа орналасқан, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын облыс аумағында бір медициналық ұйымнан басқа ұйымға ауыстырған жағдайда, қызметкерге берілген әлеуметтік қолдау сақталады.
6. Қызметкермен еңбек шарты бұзылған жағдайда, жұмыс беруші бұл туралы уәкілетті органға 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды.
7. Еңбек қатынастары мерзімінен бұрын бұзылған кезде бұрын төленген ақшалай қаражатты қайтару еңбек шартында көзделеді.
8. Әлеуметтік қолдау көрсетудің мөлшері жұмысқа келген аса тапшы мамандықтардың медицина қызметкерлеріне ең төменгі жалақының бір жүз есе мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем көлемінде айқындалады.