Аудан әкімі тұрғындарды аяқсумен толық қамтамасыз етуді тапсырды

5

Ai-news.kz Аудан әкімі тұрғындарды аяқсумен толық қамтамасыз етуді тапсырды.

Кеше аудан әкімі Ардақ Ибраимов Жалағаш кентінде ұйымдастырылған сенбілік шараларымен танысып, жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

Аудан бойынша өткізілген санитарлық тазалық жұмыстары барысында талдарды әктеу, көше тазалығы және аяқсу жолдарын ашу, бау-бақша мен көше бойындағы талдарға көктемгі науқанда күтіп-баптау жұмыстарын ұйымдастыру қажеттігін жеткізді.

Сондай-ақ, Жалағаш кенті көшелеріше күнделікті тұрақты түрде су себу жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылды.

Жаз мезгілінде тұрғындар ауызсуды жылдық мерзім мөлшерінен асыра пайдаланатындықтан, аяқсумен толық қамту мәселенің бірден бір шешімі екенін айтты.

Сенбілік жұмыстарына аудан бойынша меншік нысанына қарамастан барлық 145 мекеме қатысып, 24 дана техника жұмылдырылды.

Сенбілікте көшелер мен саябақтардағы қоқыстар тазартылып, қураған талдар кесіліп, аяқ су жүретін арықтар қураған жапырақтардан тазартылып, 20 тоннаға жуық күл-қоқыстар белгіленген орындарға шығарылды.

Сонымен қатар, Жалағаш кенті және ауылдық округтердегі саябақтар мен аллеяларды тазалау жұмыстары жүргізілді.

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов  Т. Жүргенов ауылының тұрғын үй секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының электрмен жабдықтау жұмыстарымен танысты.

 

6 ай мерзімде Т.Жүргенов ауылының тұрғын үй секторларна электрмен жабдықтау жұмыстары жүргізіледі.

 

Жұмыс сапары барысында ауыл ардагерлерімен пікір алмасып, ұсыныстарын тыңдады. Ауылда бастау алған ауқымды жобаның іске асуы барысында тұрғындар пікірі маңызды екенін айтты.

 

Сонымен бірге, жауапты мердігер мен сала бойынша жауапты бөлім басшыларына елдімекендегі көптен бері оң шешім тапқан тұрғындар сұранысындағы жүйелі істің мерзімінде уақытылы, сапалы аяқтауды тапсырды.

 

Айта кетейік, Есет батыр елді мекенінде де электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

 

Жалағаш ауданы әкімдігі