Қазақстан "Талибан" қозғалысын тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарады
102
Ai-news.kz Қазақстан "Талибан" қозғалысын тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарады, - деп жазды "Opennеws.kz" ақпарат агенттігі.
"Қазақстан тыйым салынған лаңкестік ұйымдардың ұлттық тізімін өзектілендіру мақсатында тұрақты түрде қайта қарап отырады. Осы процес аясында БҰҰ тәжірибесіне сәйкес "Талибан қозғалысын" одан шығару туралы шешім қабылданды", - деді Смадияров
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің міндетті болып табылатын қарарларына сәйкес, "Талибан" қозғалысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі террористік деп таныған ұйымдар тізіміне енбеген.
"Саяси байланыстарға келетін болсақ, Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі мен БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған шешімдер мен қарарларды әрі қарай да қатаң ұстанатынын атап өткім келеді", - деді Айбек Смадияров.
Тағы да оқыңыздар

ҚҰҚЫҚТЫҚ САЯСАТ ҰҒЫМЫ
1 004