Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков тұрғындарды жеке қабылдады

319

Ai-news.kz. Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков аудан тұрғындарын жеке қабылдау өткізді. Қабылдау «AMANAT» партиясының аудандық филиалының қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес ұйымдастырылып, кезектілік тәртібімен азаматтардың өтініштері тыңдалды.

 

Тұрғындар негізінен тұрғын үймен қамту, жер мәселесі, тұрақты жұмысқа орналасу және әлеуметтік қолдау бағыттарында сұрақтарын жеткізді.

 

Әкім әрбір мәселені мұқият тыңдап, заң аясында түсініктеме берді. Жұмыс іздеп келген азаматтарға аудандағы кәсіпкерлік нысандар мен мекемелердегі бос жұмыс орындары ұсынылып, сонымен бірге қоғамдық жұмысқа тарту мүмкіндіктері қарастырылды. Жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар берілді.

 

 Тұрғын үй кезегіне қатысты сұрақтарға түсініктеме беріліп, заңға сәйкес белгілі санаттарға байланысты жүйелі түрде қамту жұмыстары жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

 

Қабылдауға келген әрбір азаматтың өтініші жеке зерттеліп, заң талаптарына сәйкес шешім қабылданатыны жеткізілді.

 

 Айта кетейік, аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін азаматтар egov.kz порталы арқылы, e-otinish базасы арқылы немесе әкімдікке келіп, жазбаша өтініш қалдыру жолымен тіркеле алады.

 

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі