Қарағандыда ауруханадағы науқас қате салынған екпеден қайтыс болды
Ai-news.kz Қарағандыдағы облыстық клиникалық ауруханада дәрігерлер науқастың "ЦЕФ-3 препаратына қатты аллергия бар" деген сөзіне назар аудармай, укол салған. Салдарынан науқас анафилактикалық шок алып көз жұмған. Қайғылы оқиға 8 қарашада болған.
"Ағам мемлекеттік қызмет порталы арқылы жоспарлы науқас ретінде түсті. Оған геморройды алып тастау үшін ота жасалуы керек еді. Ол дәрігерлерге Цеф-3 препаратына және новокаинге аллергиясы барын айтты. Дәрігерлер оның білегіне осы препараттарға аллергиясы барын білдіретін көк түсті жапсырмалары бар білезік таққан. Бірақ медбике ағамның палатасына кіріп, Цеф-3 салған. Төрежан қызарып, тұншығып, қайтыс болды", - дейді 40 жастағы марқұм Төрежанның ағасы Арман Мақашев.
Төрежан Мақашев қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде жұмыс істеген. Енді оның артында үш баласы жетім, әйелі жесір қалды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.