"14 қыркүйек Дүниежүзілік Алғашқы көмек көрсету күні!»
Ai-news.kz Қызыл Крест және Қызыл Ай Қозғалысының бастауы, Швейцариялық қоғам белсіндісі Анри Дюнанның 1859 жылы Италия солтүстігіндегі Сольферино шайқасында бірнеше сағаттың ішінде 40 мыңнан астам әскерлер жараланып, өліп жатқанын көріп, қазір Халықаралық деңгейге жеткен қозғалыс құрды. Ол көршілес елдерден еріктілерді жинап, жаралыларға көмектеседі.
Еліне барған соң «Солферино шайқасынан күнделік» жазып, соғысып жатқан мемлекеттерден бейтарап, жаралыларға алғашқы көмек көрсететін ұйым құру туралы Европа елдерінің басшыларына хат жолдайды. Оның ұсынысымен біраз мемлекеттер қолдап 1863 жылы Қызыл Крест ұйымы құрылды.
Анри Дьюнан өз қаржысына Қызыл Крест және Қызыл Ай қоғамдарының санитарларын оқытып, дайындап соның арқасында "Алғашқы көмек көрсету қозғалысы" 160 жылдан бері жұмыс жасап келеді.
Бүгінгі күні қозғалыстың бір жарым ғасырлық тарихында дүние жүзі бойынша жүздеген миллион ерікті табиғи апаттар кезінде, қарулы қақтығыстар аймағында және адамдардың өміріне қауіп төндіретін басқа да жағдайларда адам өмірін құтқарумен айналысып келді. ҚР Қызыл Ай Қоғамы Қызылорда облыстық филиалы да ай сайын 100-ден аса адамдарға "Алғашқы көмек көрсету" тренингін өткізуде.
Тағы да оқыңыздар
