Мұхтар Ербаян Түркияға емделуге жіберілді
Ai-news.kz. Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылы әскери қызметті өткеру кезінде ауыр бас сүйек-ми жарақатын алған Ұлттық ұланының бұрынғы әскери қызметшісі Мұхтар Ербаянның Түркияға емделуге жіберілгені туралы хабарлайды.
— Комиссияның жұмыс органының шешімімен нейромодуляторлық ем жүргізу және пациенттің соматикалық мәртебесін сақтау үшін Medipol Global клиникасына (Түркия) емделуге Мұхтар Ербаянды жіберу мақұлданды, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазақстанда Мұхтар Ербаян Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында және Астанадағы Ұлттық нейрохирургия орталығында ем алған болатын. 2024 жылдың тамызынан бастап 2025 жылдың қаңтарына дейін отбасының қолдауымен Түркияда қалпына келтіру емінен өтті. Қазақстанға оралғаннан кейін мамандардың бақылауында болды және үйде медициналық көмек алды.
— Пациентті Астанадан Ыстанбұлға тасымалдау Ішкі істер министрлігінің бортында, ДСМ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының мобилдік бригадасының медициналық сүйемелдеуімен жүзеге асырылды. Келгеннен кейін пациентті клиника өкілдері қарсы алды. Пациенттің жағдайы тұрақты, трахеостомияда, — делінген министрлік хабарламасында.




