Жедел жәрдем мен полицияға жол бермеген жүргізушілер енді көше сыпырады

188

Фото: Stan.kzAi-news.kz   1 қыркүйектен бастап Қазақстанда жол ережесін бұзған көлік жүргізушілеріне жаңадан жаза енгізілмек. Бұдан былай темір тұлпар тізгіндегендер асыққан жедел жәрдем мен полиция қызметкерлеріне жол бермесе көше сьпырады.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, енді ережеге бағынбаған көлік жүргізушілері айыппұлдың орнына көше тазалайды. Әлі күшіне енбеген, бірақ күздің алғашкы күнінен жүзеге асатын әкімшілік кодексті Ішкі Істер министрлігі таныстырды. Жауаптылар бұл жаза тек автомобиль айдағандарға ғана емес, жаяу жүргіншілер мен самокат тізгіндегендерге де қатысты дейді.


"Егер көлік жүргізушісі бір жылда екі рет асыққан жедел жәрдем, полиция қызметкерлеріне жол бермесе 40 АЕК (157 280 теңге) айыппұл орнына 20 сағатқа қоғамдық жұмысқа жегіледі. Яғни көше тазартып, ағаш әктеп, қоқыс тереді. Бұл жаза жаяу жүргіншілер мен электросамокат айдағандарға да қатысты", – делінген хабарламада.


Ведомство өкілдері көше тазалау жазасы ережеге бағынбаған жүргізушілерді тәртіпке салатынына сенімді. Аула сыпырып жүрген оларға "Қоғам алдындағы борышты өтеу" деген жазуы бар күртешедер де кигізіп қоймақ. Ал жүргізушілер сыпыртқы ұстауға дайын емес екен.