Қызылорда облысы - ҚР өңірлерінің статистикасы

101

Ai-news.kz Қызылорда облысы. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

 

Халық саны және көші-қоны

 2024 жылғы 1 қыркүйегінде облыс халқының саны 845,4 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар 397,6 мың адам (47%), ауылдықтар 447,8 мың адам (53%).

Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-тамызында 9564 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 10196 адам).

2024 жылғы қаңтар-тамызында туылғандар саны 12595 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-тамызына сәйкес 4,3% азайды), қайтыс болғандар саны 3031 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-тамызына сәйкес 2,3% көбейді).

Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және - -6095 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-тамызында – -4474 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – -3 (-36), ішкі көші қонда теріс көші-қонның айырмасы – -6092 (-4438 адам).

 

Еңбек және табыс

 

2024 жылғы II тоқсанда жұмыссыздар саны 17,3 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,9%құрады.

2024 жылдың 1 қазанына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 16256 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 4,6% болып қалыптасты.

2024 жылғы II тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 360840 теңгені құрады, өсім 2023 жылғы II тоқсанға 9,2% құрады.

2024 жылғы II тоқсанда нақты жалақы индексі 101,7% болып қалыптасты.

2024 жылғы II тоқсанда облыс халқының  орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 149965 теңгені құрады. 2023 жылғы II тоқсанға қарағанда 10,7% жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны – 3,1%.

 

Салалық статистика

 

2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 807117 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 2% көп.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 4,9%-ға кемісе, өңдеу өнеркәсібінде 28% өсті, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 1,9% кеміді, сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте – 1,4% өсті.

 

2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 147521,5 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 103,8% құрады.

2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 24960,2 млн. ткм құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2023 жылдың қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 100% құрады.

Жолаушы айналымы 1767,4 млн. жкм құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 105,5% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 173830 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекке 143,6% құрады.

2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 4,6% өсіп, 646,2 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 61,3% (39,2 мың шаршы метр), ал жеке – 1,1% (587,4 мың шаршы метр) төмендеді.

2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 423975 млн. теңгені немесе 2023 жылдың қаңтар-қыркүйекке 125,1% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 11428 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 4,4% көбейді, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 11064 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 9678 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 9314 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 8768 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,7% көбейді.

 

Экономика

 

2024 жылғы I жартыжылдығында жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 1300,4 млрд. теңгені құрады. 2023 жылғы I жартыжылдығымен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 5,5% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 39,9%, қызметтер көрсету – 53,1% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылғы қыркүйекте 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 106,3% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 3,7%, азық-түлік емес тауарлардың – 5,3%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 12,4% өсті.

2024 жылғы қыркүйекте 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 2,9% жоғарылады.

2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 369333 млн.теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,9% көп.

2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте көтерме сауда көлемі 222700,9 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,9% құрады.

 

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-тамызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 172,1 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-тамызымен салыстырғанда 2,8 есе өсті, оның ішінде экспорт 129,4 млн. АҚШ долларын (4,4 есе өсті), импорт 42,7 млн. АҚШ долларын құрады (32,2% көп