2024 жылы жаңа жылға қандай сыйлықтар беруге болады: үздік 50 идея
Ai-news.kz Жаңа жылдық мерекелік көңіл-күйдің көтеріңкі болуына әдемі шыршалар, тәттілер ғана емес, сыйлықтардың әсері мол. Әсіресе шын көңілмен ұсынылған сыйлықтар жақындарымызға еңсесін көтеретіні анық. 2024 жылы жақыныңа не сыйлауға болады? Назарларыңызға топ 50 сыйлық нұсқасын ұсынамыз.
Үй текстилі 2024 жылы отбасы мүшелеріне не сыйлауға болады?
Төмендегі сыйлықтарға назар аударыңыз:
- төсек - орын жиынтығы;
- жылы көрпе;
- жаңа жылға арналған сүлгілер жиынтығы;
- жұмсақ көрпеше;
- диванға арналған декоративті жастықтар;
- тоқылған панно;
- ыстық тағамдар мен сусындарға арналған жинақ;
- түрлі майлықтар;
- орындықтарға арналған жұмсақ көрпешелер.
Жақындарыңызға мұндай сыйлықты таңдағанда, түсі мен оларға ұнайтын стильді ескеріңіз. Жаңа жылдық сыйлық.
Түрлі декор бұйымдары
Жаңа жылда достарыңызға не сыйлауға болады? Мәселен үйдің сәнін келтіретін естелік сыйлықтар ұсынып, қуантсаңыз болады. Мұндай заттарға мыналар жатады:
- фотосуреттерге арналған жақтау;
- авторлық керамика (ваза, кәмпит салатын ыдыс, жемістер салатын ыдыс, майшам);
- тас түріндегі хош иісті шамдар;
- естелік жазуы бар жаңа жылдық авторлық ойыншықтар;
- әр түрлі материалдан жасалған мүсіншелер, жыл символының фигурасы, фильмдер мен ойындардың сүйікті кейіпкерлері;
- гравюрасы бар үстел немесе қабырға сағаты;
- мини-проектор;
- машиналардың, ұшақтардың ағаш модельдері;
- декоративті кашпо;
- жас суретшілердің суреті;
- гербарий суреті;
- тілектер тақтасы;
- мотивациялық жазуы бар ағаш тақташа;
- бонсай-метасеквойя немесе басқа экзотикалық өсімдіктер.
Достарыңызға арнап ішінде жаңа жылға арналған шұлықтар, үй тәпішкесі, сүйікті хош иісті май, шарап дайындауға арналған жинақ, афоризмдер кітабы бар бокс әзірлесеңіз болады.
Кеңсе тауарлары
Әріптесіңізге немесе басшыңызға сыйлық таңдарда, оның әлеуметтік мәртебесіне мән беріңіз. Әрістестеріңізге мынадай сыйлықтарды сыйға тартсаңыз болады:
- гравировкасы бар қалам;
- табиғи тастан, ағаштан жасалған үстел керек-жарақтары;
- номиналды дәптер, қолдан жасалған күнделік;
- күнтізбе;
- кеңсе керек-жарақтарының жиынтығы (қағаз пышақ, степлер, тескіш);
- каллиграфия жинағы;
- автоматты түрде қарындаш ұштайтын ұштағыш;
- магниттік планер.
Егер басшыңыздың талғамы мен қалауы туралы білсеңіз, оған кітап та сыйласаңыз болады. Алайда оның қандай жанрдағы кітап оқититынын, алдын ала біліп алғаныңыз жөн, деп жазады The New York Times басылымы. Күнделік пен қалам.
Тұрмыстық техника
Анаңызды немесе сүйіктіңізді қуантқыңыз келсе, оған күнделікті тұрмысты жеңілдететін тұрмыстық техника, гаджеттер сыйлаңыз:
- электргриль;
- портативті ыдыс жуғыш машина;
- көкөністер мен жемістерге арналған кептіргіш;
- балғын шөптерді өсіруге арналған микроферма;
- шырын сығып, салат немесе ірімшік кесетін шнекті шырын сыққыш;
- тұрақты температурада ет, балық, көкөністерді пісіруге арналған термостат;
- ауа, су және тамақ озонаторы;
- сүтті көбіктендіру функциясы бар капучиноға арналған электрлік түрік;
- гравитациялық дәмдеуіш диірмені;
- шаңсорғыш робот.
Бьюти-өнімдер Жақындарыңыз қандай косметика қолданатынын, қандай парфюмді жақсы көретінін білсеңіз тіптен жақсы. Ал білмесеңіз, жай ғана косметикалар боксын тарту етсеңіз болады:
- жеке парфюм;
- хош иісті жиынтық. Ол үшін хош иістерден тұратын бокс жинап көріңіз:
- қол мен денеге арналған кремдер,
- парфюмерия,
- хош иісті спрей,
- ваннаға арналған тұз,
- қол сабыны,
- хош иісті шам;
- хош иісті майлар,
- тұздар,
- кептірілген гүлдер бар ваннаға арналған бомбалардың бір жылға жететін жиынтығы;
- косметикаға арналған тоңазытқыш;
- әртүрлі брендтердің сұлулық бокстарына жазылым;
- бет массажына арналған криосфералар;
- ерін далабы-кулон (стильді аксессуар және косметика);
- үйде маска дайындауға арналған аппарат.
Егер сіз таңдаудың дұрыстығына күмәндансаңыз, сыйлық жасағыңыз келетін адамның сүйікті брендінің косметикасын сатып алуға сертификат беріңіз. Сондай-ақ жақыныңызды бет күтімі бойынша маманның мастер-класс түріндегі сыйлығы да қуантуы мүмкін. Жаңа жылға дейін, айтпақшы, макияж бен шашқа сыйлық сертификатын да табыстасаңыз болады.
Аталған сыйлықтардың барлығы тек кеңес түрінде беріліп отыр. Сіз жақыныңызға кез келген сыйлықты, өз қалауыңыз бойынша берсеңіз болады. Бастысы қандай сыйлық болмасын, шын көңілден сыйға тартсаңыз болғаны.