Асыраушы сала алға басып келеді
Ai-news.kz. Президентіміз Қасым – Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді" деп атап өткен болатын. Жалпы облыс орталығы экономикасының негізгі салаларының бірі – ауыл шаруашылығы. Асыраушы саланың алға басуы көптеген мәселенің щешімі бода алады.
Қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі - ауыл шаруашылығы пен жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
БЮДЖЕТ БОЙЫНША:
Бөлімнің 2024 жылғы бюджеті 736 миллион 769 мың теңгені құрайды.
Оның ішінде:
Бөлім аппаратына 133 миллион 811 мың теңге (жерге орналастыру жобаларын әзірлеуге – бес миллион 169 мың теңге, жер учаскелерінің кадастрлық құнын анықтауға – үш миллион 984 мың теңге);
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жеке тұлғаларға берілетін бюджеттік кредиттер бойынша – 524 миллион 264 мың теңге (71 маманға);
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша мамандарға берілетін бір реттік көтерме жәрдемақы беруге – 40,6 миллион теңге (110 маманға).
Қаржының игерілуі. Бөлім бойынша ағымдағы жылдың тоғыз ай қорытындысымен бөлінген қаржы 99,9 пайыз игерілді. (557 миллион 549 мың теңге.)
ШТАТ САНЫ:
Бөлімде барлығы 29 маман қызмет атқарады. Оның ішінде, сегіз мемлекеттік қызметші (бір - басшы, бір - бөлім басшысының орынбасары, екі - сектор меңгерушісі, төрт – бас маман), қалған жиырма бір қызметкер еңбек шарты негізінде.
ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША:
Қызылорда қаласы бойынша 2024 жылдың тоғыз айы бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі екі миллиард 223 миллион теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жылмен салыстырғанда 103,5 пайызды құрады.
Егін бойынша:
Биылғы жылы 8 257 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды.
Оның ішінде: негізгі дақыл күріш 3 856 гектар, бидай 368 гектар, қант құмайы қырық гектар, жаздық арпа екі гектар, жаңа жоңышқа 224 гектар, ескі жоңышқа 1 317 гектар, картоп 130 гектар, көкөніс 1 330 гектар, бақша 990 гектар.
Күріш дақылын күтіп-баптау жұмыстары бойынша 1600 гектар үстеп қоректендірілсе, 1850 гектар гербицидпен өңделді.
Биылғы жылы егілген 3856 гектар күріш егістігінің шығымдылығын сала мамандарының зерделеу барысында 2892 гектары (75,0 пайыз) «жақсы»,
771 гектары (20,0 пайыз) «орташа», 193 гектары (5,0 пайыз) «қанағаттанарлық» деп бағаланып отыр.
Ерте көктемде егілген 368 гектар жаздық бидайдан 368 тонна өнім жиналды (орта өнім 10 ц/га).
Сонымен қатар ораққа түсетін мал азықтық жоңышқа шөбінің бірінші және екінші орымынан 7 443 тонна жоңышқа шөп дайындалды. (орта өнім 20 ц/га).
Қазіргі таңда көкөніс, бақша дақылдарын жинау жұмыстары жүргізілуде. Көкөністің 990 гектарынан (74,4 пайыз) 135,0 центнер, бақшаның 740 гектарынан (74,8 пайыз) 136,0 центнерден өнім жиналуда.
Мал шаруашылығы бойынша:
Қала бойынша 2024 жылдың бірінші қыркүйегіне мүйізді ірі қара 24 922 бас, уақ мал 32 751 бас, жылқы 17 393 бас, түйе 3 170 бас, құс 17 215 бас өсірілуде.
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 20,5 пайызға, жылқы 5,5 пайызға, қой-ешкі – 22,1 пайызға көбейсе, түйе 3,0 пайызға кеміген.
Есепті кезеңде қала бойынша барлығы 1695,1 тонна ет (тірі салмақта), 2444,7 тонна сүт және 591,4 мың дана жұмыртқа өндірілді.
Өткен жылмен салыстырғанда өсім тиісінше ет өндіру 4,2 пайызға, сүт 0,2 пайызға, жұмыртқа өндіру 0,9 пайызға көбейген.
Техникалық инспекция саласы бойынша:
2024 жылдың тоғыз айдың ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылысы техникаларын жүргізуге 60 адамға куәлік беріліп, жеке және заңды тұлғаларға жаңа үлгідегі 418 дана техникалық паспорттар мен 418 дана мемлекеттік белгілер берілді. 47 дана кепілдік келісім-шарты мен қосымша келісім-шарттарын тіркеу және кепілден босатулар рәсімделіп, 35 ауыл шаруашылығы және жол құрылыс техникалары мемлекеттік техникалық байқаудан өткізілді.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша:
2024 жылға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақыға 40,6 миллион теңге (110 маман) бөлініп, бүгінгі күнге 110 маманға (бір маманға 369 200 теңге) көтерме жәрдемақы беріліп, бөлінген қаржы толығымен игерілді. Бюджеттік кредитке 524,2 миллион теңге (71 маман) бөлінді. Бөлінген қаржы қаржылық жоспарға сәйкес игерілетін болады.
Ақпарат ретінде:
1. Ауыл шаруашылығы және жол құрылыс техникаларын тіркеу, және тіркеуден шығару қызметі;
2. Ауыл шаруашылығы және жол-құрылыс техникаларын жыл сайынғы техникалық байқаудан өткізу;
3. Ауыл шаруашылығы және жол-құрылыс техникаларын басқару құқығына куәліктер беру;
4. Ауыл шаруашылығы және жол-құрылыс техникаларының кепіл шартын тіркеу;
5. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы;
6. Ауыл шаруашылығы техникалары туралы мәліметтерді өзекті ету (түзету).
2024 жылы ауыл шаруашылығы бойынша 725 жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетілді («электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы 678 тұлғаға, қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы 47 тұлғаға).
№ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
Барлығы оның ішінде
«Электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы кеңсе арқылы
1 Ауыл шаруашылығы және жол құрылыс техникаларын тіркеу, және тіркеуден шығару қызметі 418 418
2 Ауыл шаруашылығы және жол-құрылыс техникаларын жыл сайынғы техникалық байқаудан өткізу 35 35
3 Ауыл шаруашылығы және жол-құрылыс техникаларын басқару құқығына куәліктер беру 60 60
4 Ауыл шаруашылығы және жол-құрылыс техникаларының кепіл шартын тіркеу 47 - 47
5 «Дипломмен ауылға» бағдарламасы 165 165 0
6 Ауыл шаруашылығы техникалары туралы мәліметтерді өзекті ету (түзету) 0 0 0
Барлығы 725 678 47
Жер қатынастары саласы бойынша барлығы 9 (тоғыз) мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Ақпарат ретінде:
1. Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту;
2. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру;
3. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкiлiктi шешiм беру ;
4. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
5. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
6. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру;
7. Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
8. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден не бөліп төлеу;
9. Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту.
2024 жылдың тоғыз айында жеке және заңды тұлғалардан – 3 825 өтініш хат тіркелсе, жер қатынастары бойынша 2217 жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде, «Электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы – 1776 тұлғаға, қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы 441 қызмет көрсетілді.
Есепті мерзімде жер телімдеріне қатысты 33 жер комиссиясының отырысы өткізіліп, барлығы 2231 құжат қаралды, оның ішінде 1033 өтініш бойынша оң хаттамалық шешім қабылданып, 1198 өтініш бойынша ҚР Жер кодексінің және ҚР Сәулет, және қала құрылысы туралы заңының талаптарына сәйкес келісім беруден бас тартылған.
Жыл басынан бері жер қатынастары саласы бойынша 1228 қаулы жобасы әзірленіп, қала әкімдігімен қабылданды.
Бөлімде 2024 жылдың тоғыз айында 830 жалға беру шарты, 325 сатып алу-сату шарты жасалды.
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 2005 жылдан қалғаны 3439 азаматпен бірге 2024 жылды қоса алғанда барлығы 71290 азамат кезекке тіркелген.
Ақпарат ретінде:
Өтініш берілген жылы Кезектілік бойынша жалпы саны Өтініш берілген жылы Кезектілік бойынша жалпы саны 2005 11 163 қалғаны 2015 2 129
3439
2006 11 509 2016 5 112
2007 11 315 2017 5 188
2008 1 944 2018 2 177
2009 1 563 2019 1 368
2010 1 640 2020 742
2011 1 598 2021 961
2012 2 395 2022 7 432
2013 2 756 2023 2 359
2014 5 149 2024 514
БАРЛЫҒЫ 71290
Өздеріңіз білетіндей, 2021 жылдың сәуір айынан бастап сәулет және қала құрылысы бөлімімен жер учаскелері зерттеліп, 2005 жылы кезекке тіркелген барлығы 11 163 азаматтан қалған 3 439 азаматтарға жер учаскелерін 3 жыл мерзімге табыстау жұмыстары жүргізілуде.
САУДА-САТТЫҚ (АУКЦИОН) БОЙЫНША:
Қазіргі таңда 2024 жылы электронды форматтағы сауда – саттыққа (аукционға) 49 жер учаскесінің тізілімі бекітіліп, Gosreestr.kz электронды сауда алаңына ұсынылған. Оның екі жер учаскесі өтпеді деп танылған, 47 жер учаскесі бойынша келісім шарт жасалып, бюджетке 216 миллион 695 мың теңге түсім түсті.
Бизнес процестерін оңтайландыру бағытында ауыл шаруашылығы жерлерінің конкурстары Қызылорда облыстық «Кәсіпкерлер үйі» ғимаратының алаңында тұрақты өткізілуде.
2024 жылға шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа жалпы көлемі 2594,1 гектарды құрайтын 35 жер учаскесінің тізбесі әзірленуде.
Сонымен қатар, жайылымдық мақсатында игерілмеген 894 жер учаскелерінің меншік иелерін анықтап, 75437,7 гектарды құрайтын 747 жер учаскесіне мал басы тіркелді.
Қалған 150 жер учаскесі бойынша меншік иелерін нақтылап, мал басын тіркету жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
ПАЙДАЛАНЫЛМАЙ (ИГЕРІЛМЕЙ) ЖАТҚАН ЖӘНЕ ҚР ЗАҢНАМАСЫН БҰЗА ОТЫРЫП ПАЙДАЛАНЫЛЫП ЖАТҚАН ЖЕРЛЕРДІ АНЫҚТАУ БОЙЫНША:
Сонымен қатар, мақсатына сәйкес пайдаланбаған кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы үшін берілген жер учаскелерін заң талаптарына сәйкестендіру бағытында мониторинг жұмыстары өз жалғасын табуда.
2024 жылдың тоғыз айында жер учаскесін нысаналы мақсатына сай пайдаланылмаған (игерілмеген) кәсіпкерлік мақсатында 34 жер учаскесі, мемлекеттік жерді заңсыз иеленіп, артық қоршау жүргізген 88 меншік иесі Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды.
2023 жылы көлемі 2053,9 гектар 17 жер учаскесі мемлекеттің жер қорына қайтарылса, 2024 жарты жылдығына көлемі 842,0 гектар құрайтын жеті жер мемлекеттің жер қорына қайтарылды.Сонымен қатар, жайылымдық мақсатында игерілмеген 894 жер учаскелерінің меншік иелерін анықтап, 75437,7 гектарды құрайтын 747 жер учаскесіне мал басы тіркелді.
Қалған 150 жер учаскесі бойынша меншік иелерін нақтылап, мал басын тіркету жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
"Қазақстан Ғарыш Сапары" (әрі қарай-ҚҒС) Ұлттық компаниясы АҚ-ның Қызылорда қаласы аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқап түрлері бойынша жайылым және егістік жерлеріне тексеру инцидент карточкаларына тиісті зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, ҚҒС-ы тарапынан барлығы 128 инцидент карточкасы жолданды. Қазіргі таңда, барлық карточкалар тексеру, зерттеп қарау жұмыстары жүргізілуде.
Осыған сәйкес, мақсатына сәйкес пайдаланылмай жатқан жер учаскелері "JerInSpeсtr" платформасы арқылы Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін беру кезіндегі өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес анықталған 111 тұлғаның 128 жер учаскесі https://zherbpm.gharysh.kz/ электронды платформасы арқылы пайдалануына нұсқау беру үшін Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаментіне жолданатын болады.
ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫ ҮШІН АЛУ БОЙЫНША:
1) Жанқожа батыр көшесі бойынан темір жол арқылы жер асты автокөлік өткелін салуға мемлекет мұқтажы үшін алынатын жер учаскелерінің саны – 22. (қала әкімдігінің 23 қыркуйек 2023 жыл.
№3424; 30.01.2024 жыл. №91 қаулылары); Бүгінгі күні, 17 жылжымайтын мүлік иесімен келісім шартқа отырып, нарықтық құны бойынша 285 795 881 теңге қаржы аударылып, жер учаскелері босатылды. Ал қалған, екі жылжымайтын мүлік бойынша қайта бағалау жұмыстары жүргізілуде және үш жер учаскесінің бір бөліктері ғана алынуда;
2) Ақсуат ауылдық округінен салынатын «Жайлы мектеп» құрылысы үшін жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алу туралы қала әкімдігінің 23 қантар 2024 жылы №50 қаулысы қабылданды. Мемлекет мұқтажына алынатын жер учаскелерінің саны – 10. Оның ішінде алты жер учаскесіне басқа аумақтан жер ұсынылып, құрылысы бар төрт жер учаскесіне қалалық тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан нарықтық құнын бағалау жұмыстары жүргізіліп, жалпы құны 18 084 000 теңгені құрады. Қазіргі таңда, бағалау құнына келіскен екі меншік иесіне қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан өтемақы төлеу жұмыстары жүргізілуде, бір меншік иесі бағалау құнына келіспей, жер учаскесін сұрауына байланысты орнына жер учаскесі ұсынылып, бағалау құнына келіспеген бір меншік иесі сотқа жолданды.
3) Тәуелсіздік даңғылы мен Саламатов көшесіне дейін Сырдария өзенінің қорғаныс бөгетін нығайтумен автомобиль жолының салынуына байланысты көлемі 3264,0 шаршы метр жеміс-жидектердің маусымдық сауда нүктесіне арналған азамат Д. Қанатжанұлына уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығынжер учаскесін мемлекет мұқтажына алу рәсімдері басталды (қала әкімдігінің 23 шілде 2024 жыл №1262 қаулысы).
4) Қожа Ахмет Яссауи көшесін Бөкейхан көшесінен Қорқыт ата көшесіне дейін абаттандыру және көгалдандыру жобасы үшін азаматша Г. Смагулованың көлемі 7407,0 шаршы метр жер учаскесін мемлекет мұқтажына алу рәсімдері басталды. (қала әкімдігінің 23 шілде 2024 жыл. №1263 қаулысы). Қалалық тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан нарықтық құнын бағалау жұмыстарын жүргізуге жолданды.
5)Саяхат – 15 көшесі бойынша Қала әкімдігінің «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» 2023 жылғы 18 шілдедегі №2993 қаулысы қабылданды. Мемлекет мұқтажына алыну негізі – Саяхат-15 көшесінен Сұлтан Бейбарыс көшесіне шығатын автомобиль жолы үшін; Алынатын жер учаскесінің сипаттамалары -Саяхат тұрғын ауданы, Серік Шотықов көшесі, №29 А; көлемі – 1000 шаршы метр, кадастрлық нөмірі 10-156-001-5426; нысаналы мақсаты –жеке тұрғын үй құрылысы үшін; Меншік иесі – Аубакирова Эльвира Шакимановна. Бөлім тарапынан қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігіжәне автомобиль жолдары бөліміне жер учаскесі мен жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын бағалау жөнінде 28 шілде 2023 жылы №01-35/1795 санды хат жолданып, бағалау есебі аталған бөліммен 21 мамыр 2024 жылы №01-3-03/776 санды хатпен ұсынылды. Бағалау есебі бойынша нарықтық құны – 9 612 000 теңге. Азаматша Э. Аубакирова қала әкімінің атына иеліктен шығарылатын жылжымайтын мүліктің ұсынылған нарықтық құнымен келіспейтіндігі туралы арыз білдірген. Қазіргі таңда қала әкімі аппаратының мемлекеттік–құқықтық жұмыстар бөлімі тарапынан аз. Э. Аубакированың жер учаскесінің ұсынылған нарықтық құнына келіспеуіне байланысты сотқа талап арыз жолданды. Ақпарат үшін: Азаматша Э. Аубакированың аталған жер учаскесін мемлекет мұқтажына алу туралы қала әкімдігімен 23.05.2018 ж. қабылданған №11170 қаулысына қала әкімдігінің 27 маусым 2023 жылы №2581 қаулысымен өзгерістер енгізіліп, Э. Аубакированың жеріне қатысты бөлігі жойылған.
6)Қызылорда-Жезқазған бағыты, Қызылжарма каналының жағалауындағы (800 бас өңірі) жер учаскелері бойынша Қызылорда-Жезқазған бағыты, Қызылжарма каналының жағалауы (800 бас өңірі) мекенжайынан тұрғын үй салу мақсатында мемлекет мұқтажы үшін алынатын 2 (екі) жер учаскесінің жалпы көлемі 10,0 гектар (1. Калыбаева Нагашыбай – шаруа қожалығын жүргізу үшін, көлемі – 5,0 гектар, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы 20 қазан 2054 жылы дейін; 2. Тажибаев Тогузбай - шаруа қожалығын жүргізу үшін, көлемі – 5,0 гектар, жеке меншік құқығы).
Қазіргі уақытта Бөлім тарапынан мемлекетке алынатын жер учаскелерінің орнына жер учаскелерін ұсыну жұмыстары жүргізілуде.
СОТ ІСТЕРІ БОЙЫНША:
2024 жылдың тоғыз айында Бөлімнің қатысуымен - 384 іс қарауға түскен. Оның ішінде әкімшілік іс бойынша – 250, азаматтық істер бойынша - 134 (экономикалық сотта қаралғаны – 75, Қызылорда қаласының әкімінің талап арызы бойынша – 59) қаралды. 384 істен қанағаттандырылғаны – 176, қанағаттандырусыз қалдырылғаны – 73, қараусыз қалдырылғаны – 56, қаралуда – 79 іс.
ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН САТУДАН ЖӘНЕ ЖАЛҒА БЕРУДЕН ТҮСКЕН ТҮСІМ БОЙЫНША:
2024 жылдың бюджеттік түсімдер жоспары 509,994 миллион теңге болып белгіленіп, қазан айының бірінші жұлдызына дейін орындалуы
Оның ішінде жер учаскесін сату, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден түсетін түсім (303 101) бойынша барлығы 325 шарт жасалып, 581 828,4 млн.теңгені құрады.
Жер учаскелерін жеке меншікке сату және жер учаскелерін жалдау құқығына сату (303 202) бойынша 217 316,5 миллион теңгені құрады.
Жалға алған жер учаскесінен түсетін түсім (105 315) бойынша тамыз айына барлығы 830 жер учаскесін жалға беру туралы шарты әзірленіп, 37 349,4 миллион теңге қала бюджетіне түсірілді.
Қызылорда қалалық әкімдігі