Қолғап шығаратын шағын цех ашылды

124

Ai-news.kz. Сырдария ауданында  қолғап шығаратын шағын цех ашылды.


Сырдария ауданында биылғы жылы «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымы» ЖШС-нен төмен пайызбен несие алып, өз ісін өрге домалатып жатқандардың қатары көбеюде. 


Бағдарламаны сәтті пайдаланғандардың  бірі — Сырдария ауданы, Бесарық ауылының тұрғыны Рсым Гулзира. Жеке кәсіпкер жұмыс қолғабын шығаратын шағын цехын ашты. Жоба аясында берілген қаражатқа ол қолғап тоқитын екі құрал-жабдық  сатып алған.  


"Бүгінгі таңда цехта 230-250 жұп, аптасына 1500 қолғап шығаруда. «Көптен бері қолғап шығаратын шағын цех ашқым келді. Сәтін салып аталған бағдарлама арқылы осы мүмкіндікке ие болдым. Қаржы қолға тигеннен кейін бірден істі бастап кеттім. Тұрғындар арасында сұраныс жоғары", — дейді  Гүлзира.