Қазалыда жаңа Салық кодексін түсіндіру семинары өтті
Ai-news.kz. Жаңа салық кодексін түсіндіру мақсатында семинар өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев апта басындағы Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында салық төлеушілердің ашықтық пен адалдыққа негізделген жаңа түсінігі мен болмысын қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Президент атап өткендей, мемлекет адал жұмыс істейтін салық төлеушілердің мүддесін қорғайды және олардың еңбегінен түскен салықты еліміздің дамуына жұмсайды. Осы мақсатта жаңа Салық кодексіне арнайы назар аудару қажеттілігі туындады.
Осыған орай, бүгін Қазалы ауданына Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Асқар Елеманов пен департаменттің бірқатар басқарма басшылары және мамандары арнайы келіп, аудан тұрғындарына семинар өткізді. Жиын Әйтеке би кенттік Мәдениет үйінде ұйымдастырылып, оған аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев төрағалық етіп, келген қонақтарды таныстырып, семинардың маңыздылығын атап өтті. Жалғас Оңғарұлы өз сөзінде Қазалы ауданындағы кәсіпкерлік саласының дамуы, халықтың табысты жұмысы және мемлекет қазынасын толықтыру бағытында жүйелі жұмыстардың жүргізіліп жатқаны туралы баяндап, жаңа Салық кодексінің түсіндірілуі аудан үшін аса маңызды екендігін жеткізді.
Семинар барысында Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Асқар Сейдекәрімұлы хабарлама жасап, жаңа салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды егжей-тегжейлі түсіндірді. Сонымен қатар, департаменттің түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлсара Қарымсақова салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттері, жаңа кодекстегі жеңілдіктер мен жауапкершіліктер туралы толыққанды ақпарат берді. Қатысушылар жаңа кодекске қатысты өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты, түсінікті жауап алды.
Семинар барысында қатысушылар жаңа кодекспен танысып қана қоймай, оны күнделікті өмірде қолдану тәсілдерін, кәсіпкерлер үшін тиімді бағыттарды, салық төлеушілер мен мемлекеттің арасындағы өзара жауапкершілікті талқылауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, жиын барысында қатысушылар арасында тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау, әрбір салық төлеушінің құқықтары мен міндеттерін нақтылау секілді мәселелер қарастырылды. Семинардың соңында қатысушылар жаңа Салық кодексін түсіну бойынша толық ақпарат алып, оны күнделікті қызметтерінде тиімді пайдалану жолдарын меңгерді. Мұндай шаралар салық мәдениетін арттыру, тұрғындар мен кәсіпкерлердің кодекске деген сенімін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.





