Абай университетінің студенттік театры кезекті қойылымын ұсынды

4

Ai-news.kz   28 қарашада Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында Абай университетінің «Үркер» студенттік театры «Алма!» қойылымын қойды.


Театр қойылымы сыбайлас жемқорлық мәселесін қозғап, оның тұлғааралық қарым-қатынасқа, әлеуметтік әділеттілікке және негізгі моральдық құндылықтарға тигізетін әсерін ашып көрсетіп, көрермендерге осы әлеуметтік құбылысқа жаңа көзқарас пен түсінік берді.


Идеяның авторы мен қойылым режиссерлері Филология институтының 2 курс студенттері Мұхтаров Ермахан мен Қарабала Данияр. Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректоры Болат Тілеп көріністің маңыздылығына тоқталып, студенттік театрдың қатысушыларына шынайы алғысын білдірді. Сондай-ақ ол студенттердің қоғам алдындағы жауапкершілігін түсініп қана қоймай, университет қабырғасында адалдық, парасаттылық, имандылық сияқты әлеуметтік құндылықтарды қалыптастырып жатқанын жеткізді. Ректор бұл іс-шара студенттердің кәсіби дағдыларын ғана емес, олардың қоғамдағы жауапкершілігін және саналы азаматтың рөлін арттырудағы маңызды қадам екенін атап өтті.


Іс-шара соңында Арман Рахимов университет ректорына және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің қызметкеріне, сондай-ақ «Үркер» студенттік театрына алғыс хаттар табыс етті.