Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мемлекет қорғауына берілді

140

Фото:kapital.kzAi-news.kz. Үкімет қаулысымен Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мемлекет қорғауына берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Үкіметтің дерегіне сенсек, тиісті қаулыға елдің премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды. Түркістанда орналасқан Қожа Ахмет Йассауи кесенесі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енген тұңғыш қазақ жері. Ол ортағасырлық сәулет өнерінің бірегей ескерткіштеріне жатады.

 

"Нысанның қауіпсіздігін ішкі істер органдарының тиісті бөлімшелері қамтамасыз етеді", – делінген құжатта.

 

Бұдан бірнеше күн бұрын Түркістанды дамыту жұмыстары ЮНЕСКО-мен келісілетіні белгілі болды.