Алматыда Орталық Азиядағы ең үлкен IMAX® залы ашылды
5
Ai-news.kz 21 желтоқсанда жаңа Aport East сауда орталығындағы HALYK IMAX Kinopark 16 кинотеатрында IMAX® лазерлік залының ресми ашылуы өтті, деп жазды Stan.kz.
Салтанатты шараға Kinopark-Kinoplexx Theatres компаниясы, Halyk Bank пен Aport East өкілдері қатысты. Мұнда келген қонақтарға арнайы DC студиясының жаңа туындысы "Аквамен және жоғалған патшалық" фильмі көрсетілді.
Алғашқы IMAX® лазерлік залы Kinopark-Kinoplexx Theaters компаниясының ең ерекше жобасы. Себебі ол канадалық IMAX® корпорациясының Қазақстандағы алғашқы кобрендингтік бастамасы. Зал 480 көрерменді сыйдыра алады және фильмді тамашалаудың бірегей тәжірибесін қамтамасыз ететін ең озық технологиялар кешенімен жабдықталған. Атап айтқанда, мұнда лазерлік проекциялық жүйе, 12 арналы дыбыс, биіктігі 14,5 метр және ені 25 метр үлкен экран бар. HALYK IMAX Kinopark 16 кинотеатрында бұдан басқа тағы 15 жайлы зал болады. Жобаны Halyk Bank қаржыландырды.