Облыстық өнер байқауы басталды
306
Шараға арнайы қатысқан Amanat партиясы облыстық филиалының төрағасы А.Есмаханов, Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Б.Нұридинов, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Тажмаханов байқаудың мәні мен мазмұнына қысқаша тоқталып, Қаратау бөктерінен келген көркемөнерпаздарға сәттілік тіледі.
3 шілдеге дейін Қызылорда төрін думанға бөлейтін олыстық өнер байқауына КСРО мәдени-ағарту ісінің үздігі, мәдениет саласының ардагері, белгілі теле-журналист Тілеген Бекарыстанов бастаған кәсіби мамандар қазылық жасайтын болады.
Айта кетейік, бүгін Орталық алаң жанындағы өнер арбатында Жалағаш ауданы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы өтеді.





