Қызылордада бюджет пен әлеуметтік қолдау мәселелеріне өзгерістер енгізу ұсынылды

338

Ai-news.kz.  Қызылорда қаласында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

 Жиынға қала әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов қатысып, кеңес мүшелеріне сәттілік тілеп, олардың билік пен халық арасындағы байланысты нығайтудағы маңызды рөліне тоқталды. Жиынды төралқа мүшесі Салкадин Мырзабеков жүргізді.

 

Арнұр Әлібекұлы өз сөзінде:

«Әділетті және қуатты Қазақстанды құру жолында қоғамдық кеңестің атқаратын еңбегі зор. Жергілікті атқарушы билікпен бірлесе отырып, қаралған мәселелердің оң шешім табатынына сенімдімін», – деді.

 

Отырыста бес өзекті мәселе талқыланды:

-         Жол қауіпсіздігі. Бұл тақырып бойынша кеңес мүшесі Эрик Теңізбаев баяндама жасап, нақты ұсыныстарын жеткізді.

-         Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл. Қалалық полиция басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Асылхан Абилакбаров «Қарасора – 2025» жедел профилактикалық шарасын дайындау және өткізу барысын түсіндірді.

-         Мемлекеттік қызмет көрсету. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің басқарма басшысы Нұржан Сүлейменов Қызылөзек және Ақжарма ауылдық округтеріндегі мемлекеттік қызмет сапасына талдау жасады.

      - Әлеуметтік көмек. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кенжегүл Құрақбаева әлеуметтік көмек көрсетудің қағидаларына өзгерістер енгізу жобасын таныстырды.

     - Қалалық бюджет. Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлнар Баймаханова 2025–2027 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізу туралы мәслихат шешімінің жобасын ұсынды.

 

Жиын қорытындысында көтерілген мәселелер бойынша ұсыныстар қабылданып, оларды шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетіні атап өтілді.