Рейдтік шара жалғасуда

305
Ai-news.kz. Кала әкімдігі жанынан құрылған жедел топ қалалық қоғамдық даму, білім бөлімдері ювеналдық полиция және БАҚ өкілдері қала аумағындағы ойын-сауық орталықтарында түнгі уақыттарда рейдтер ұйымдастыруда.
Бұл шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің беймезгіл уақытта  ата-аналарынсыз жүруінің алдын алу, қауіпсіз орта қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу.
Кеше рейд барысында баласына дұрыс бақылау жасамаған 31 ата-анаға әкімшілік хаттама рәсімделіп, шара көрілді. 

01.01.2015 жылдан бастап Қазақстанда балаларға арналған «коменданттық сағат» қолданыста келеді. Оған сәйкес 18 жасқа толмағандарға заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта үйден тыс жерде болуға тыйым салынады.

Нақтырақ айтқанда:

  • ойын-сауық мекемелерінде – 22:00 – 6:00
  • тұрғынжайдан тыс жерде сағат – 23:00 – 6:00

* Тұрғынжай заңды өкілдерінің тұрғылықты жерi болып танылады.

Полиция қызметкерлері көптеген қылмыстың алдын алу үшін жұмыс істейді, сондықтан олар сізден құжат сұрауы мүмкін.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекске сәйкес, бала заңды өкілімен болуы тиіс, яғни ата-ана, асырап алушы, қорғаншы, қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-аналар, патронат тәрбиелеуші немесе олардың орнындағы басқа да адамдар.

Ал егер түнгі уақытта ата-анасы жұмыстан босамай, баланы мектептен немесе жаттығудан туыстарының біреуі алып кетсе ше? Бұл жағдайда нотариусқа барып, баламен сағат 22:00-ден кейін болатын адамның атына қажетті түсініктемемен сенімхат рәсімдеу қажет.

Жастардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!