Тереңөзек кенті тұрғындары жаңа көпірдің игілігін көруде
106
Ai-news.kz. Сырдария ауданы Тереңөзек кенті орталығынан «Әйтек» каналы өтеді. Аталған каналдан оқушылардың №36 Әбділда Тәжібаев атындағы мектепке қатынауы қиындық туғызып, айналып жүргуге мәжбүр болатын.
Осыған орай, кент тұрғындарының өтінішімен Нағи Ілиясов көшесінен Н.Бердіқұлов көшесіне өту үшін жаяу жүргіншілер көпірі орнатылды.
Жаяу жүргіншілер көпірінің орнатылуын аудан әкімі Берік Сәрменбаев тікелей бақылауында ұстап, тұрғындар өтінішінің сапалы орындалуын тапсырған болатын. Бүгінгі күні кент тұрғындары жаңа көпірдің игілігін көруде.