Қазалы ауданының ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі жоғары деңгейде өтуде

104

Ai-news.kz. Қазалы ауданының ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі жоғары деңгейде өтуде.

 

Қызылорда қаласындағы «Алтын дән – 2024» салтанатты шарасы аясында ұйымдастырылған жәрмеңкеге Қазалы ауданынан 50-ге тарта көлікпен барлығы 140 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылды.


Атап айтқанда, 13 тонна күріш, алпыс тонна шамасында көкөніс, алпыс тонна  жуық картоп, 30 тоннадан аса бақша, екі тонна сүт өнімдері, жеті тонна ет пен балық және  «Қазалы» конфеті өнімдері мен қой, ешкі қала тұрғындарына нарық бағасынан 10-15 процент төмен ұсынылды.