Сырдариялықтар жәрменкеде

82

Ai-news.kz. Қызылорда қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Оған әр ауданның диқандары өз өнімдерін алып келіп, қызылордалықтарға ұсынды.


Сырдария ауданынан жеңілдетілген бағамен қырық бес көлікке тиелген азық-түлік тауарлары келді. Мұнда тұрғындар қарбыз-қауын, жеміс-жидек, күріш, сүт өнімдері мен балық өнімдерін алып, сауданы қыздырды.


Барлығы жүз елу алты тонна өнім елу көлікпен жеткізілді. Оның ішінде жиырма жеті тонна күріш, алпыс тонна картоп, сәбіз, пияз,  он бес тонна асқабақ, қырық бес тонна бақша, үш тонна ет өнімдері, бес тонна көкөніс пен жемістер, екі тоннадан астам бакалея өнімдері бар.