«AMANAT» партиясы жас отбасыларды қолдау шарасын өткізді
Ai-news.kz. Шиелі ауданында «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында Халықаралық отбасы күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды.
Бұл игі бастаманы «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шиелі аудандық АХАТ бөлімі бірлесіп өткізді.
Салтанатты рәсім барысында:
• жас жұбайларға некені ресми тіркеу туралы куәліктер,
• сәбилерге туу туралы куәліктер,
• партия атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Шараға аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Палымбет Нәйла Әбілқасымқызы және «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Баймұратова Жібек Орынбайқызы қатысып, отбасы құрған жастарға және жаңа өмірге келген сәбилердің ата-аналарына ізгі тілектерін жеткізді.
Салтанатты рәсімде:
• Қазақстан Республикасының азаматтары Досов Фархат Әлханұлы мен Перимбетова Мөлдір Мейрамбекқызының некелері тіркелді.
• Нұрмағанбетов Марат Қонысбайұлы мен Мұсаева Зүбайра Барлыбайқызының оныншы перзентіне,
• жас отбасы Барлыбаев Ертуған Қанатұлы мен Ибрахимқызы Шарапаттың нәрестесіне туу туралы куәліктері берілді.
Іс-шараның басты мақсаты – отбасы институтын дәріптеу, ұлттық дәстүрлер мен моральдық құндылықтарды сақтау, қазақстандық отбасылардың әл-ауқатын арттыру.
«AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы – отбасы құндылықтарын дәріптеп, елдің демографиялық әрі рухани дамуына үлес қосатын маңызды бастама.





