Қызылордада Қызыл Ай Қоғамы бес жылдық жұмысын қорытындылады
Ai-news.kz. 8 Май Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Ай күні мерекесіне орай ҚР Қызыл Ай Қоғамы Қызылорда облыстық филиалыеың есеп беру- сайлау конференциясы өтті.
Конференцияға облыстық акиматтың департамент қызметкерлері, соның ішінде облыстық білім басқармасынан, облыстық денсаулық сақтау басқармысынан, облыстық Төтенше Жағдайлар басқармасынан, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығынан, бірнеше үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты, сонымен қатар әр аудандағы облыстық филиал өкілдері, еріктілер қатысты. Конференция барысында облыстық филиал директоры Байманов Абзал Нұрділдаұлы соңғы бес жылда атқарылған жұмыстары жайлы баяндады.
Конференцияға қатысушылар белсенді түрде Абзал Нұрдаұлының жұмысын талқылап, жарыс сөзге шығып сөйлегендер,облыстық филиалдың атқарған жұмысын жоғары деп бағалады.Конференция барысында озық үлгі көрсеткен Арал, Сырдария, Шиелі ауданы бойынша өкілдерміз бағалы сыйлықтармен "Алғыс хатпен" марапатталды.