Әйтеке би кентінде электр қуаты уақытша өшеді
Ai-news.kz. Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің тұрғындарына маңызды хабарландыру! 2 қазан күні сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін 10 кВ кернеулі ЦРП №2 тарату қосалқы станциясында жоспарлы оқшаулағыштарды сүртіп, тазалау жұмыстары жүргізілетін болады. Осыған байланысты 5 квартал аумағының күн шығыс және батыс беткейі аралығында электр энергиясы уақытша өшіріледі.
Тұрғындардан аталған уақыт аралығында қажетті қауіпсіздік шараларын сақтап, электр энергиясының уақытша болмауына алдын ала дайындық жасау сұралады. Жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп, электр желілері қайта қосылған соң тұрақты қуат қамтамасыз етіледі. Бұл шара кенттегі электр желілерінің сенімділігін арттыруға, техникалық қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталған маңызды іс-шара болып табылады. Тұрғындардан түсіністікпен қарап, жоспарлы жұмыстарға сәйкес әрекет етуін сұраймыз.





