Қазақстандық депутаттар мен шенеуніктердің дербес деректері қамтылған шетелдік сайт бұғатталды

6

Ai-news.kz Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі еліміздегі депутаттар мен ведомство басшыларының деректері қамтылған шетелдік сайтқа шектеу қойылғанын мәлім етті. 

Ведомство мәліметінше, "rupep.org" интернет-ресурсының функционалы Қазақстанның дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнама талаптарына сәйкес келмейді. 

"Осыған байланысты министрлік өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетіне "rupep.org" интернет-ресурсының жұмысын тоқтата тұру бойынша хабарлама жолдады. Осылайша, "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 1-3-тармағына және 41-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті "rupep.org" интернет ресурсының ашылуын шектеу бойынша шара қабылдады", - делінген Цифрлық даму министрлігінің ақпарат агенттігіне берген жауабында.