Байқоңырды жалға беру құны өсе ме ?

302

Фото: РОСКОСМОСAi-news.kz ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға беру құнын көтеру мүмкіндігіне қатысты пікір айтты.


- Қазір жалға беру құнын көтеру мәселесі қарастырылып отырған жоқ. Бұл шарт 2050 жылға дейін ұзартылған еді. Атап айтқанда, оған қатысты ешқандай өзгерісті талқыламадық, өйткені бұған себеп жоқ, - деді Мәлік Олжабеков Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.