Ыстық су беріле бастады

467
Ai-news.kz. Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен, облыс әкімінің үйлестіруімен Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылы Үкімет резервінен 11 миллиард теңге бөлінген болатын. Бұл жұмыстарды екі кезеңмен жүргізу жоспарланған. Бірінші кезең бойынша 187 үй орталықтандырылған ыстық сумен қамтылады.
 
"Экономика өскен сайын әлеуметтік теңсіздік азайып, орта тап күшейе түсуі керек. Сонда ғана біз еліміздің әлеуетін күшейте аламыз. Ол үшін кез келген істің басты өлшемі тиімділік болуға тиіс. Яғни, әрбір шешім, әрбір жоба ең алдымен елге пайдалы болуы қажет.", - Мемлекет басшысы халыкка Жолдауында деп айтты.  


Тұрғындар тарапынан ыстық су жүйесіне қосылу жұмыстары шығынсыз, ақысыз негізде мердігер мекеме тарапынан жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда Сол жағалаудағы көпқабатты тұрғын үйлерге ыстық су беріле бастады. Алдағы уақытта басқа да үйлер жоспарға сәйкес қосылатын болады.


Бүгінге дейін Қызылорда қаласындағы тұрғын үйлер электр сужылытқыш немесе газбен жылытатын құрылғылар арқылы ыстық сумен қамтамасыз етілген еді. Атап айту қажет, ыстық су жүйесіне қосылу тұтынушылар үшін электрлі су ысытқышқа қарағанда едәуір тиімді болады.

Аталмыш жобаны жүзеге асыру барысында сапасы жоғары материалдар мен компоненттерден танымал еуропалық өндірушілердің жабдықтары қолданылады. Бұл арқылы ыстық су жүйесінің сенімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.

Әр көпқабатты тұрғын үйге "Wilo" компаниясының Айналым сорғылары мен "Danfoss" компаниясяның өшіру және реттеу арматурасы мен жылу алмастырғыштары қондырылып жатыр. Сондай-ақ, GTP су тазартқыз фильтрі және басқа да еуропалық өндірушілердің жабдықтары орнатылып жатыр.

Ыстық су желілерін жүргізу тұрғындар үшін өте тиімді болмақ. Себебі арестон құрылғысы ұзаққа жарамды құрылғы емес. Сонымен қатар, электр энергиясы мен қаржы үнемділігін реттейді.

Осы жоба бойынша жыл соңына дейін Қызылорда қаласының Шұғыла, Сырдария, Сол жағалау, Тәуелсіздік, Бейбарыс көшелеріндегі жоспардағы көпқабатты тұрғын үйлер ыстық су жүйесіне қосылады.