Атжалманды басу. Жаңа криптотрендтерден қандай қауіп күтуге болады?

161

Ai-news.kz. 2024 жылғы мамырдан бастап әлеуметтік желілерде Hamster Kombat  атты ойын танымал болды, бұл ойынның мағынасы телефонның  экранына шығатын атжалманды басып, ойын ішіндегі валютаны - монеталарды ұту. Монеталарды ұту үшін жаңа пайдаланушыларды тартып, ойын ішіндегі тапсырмаларды орындау қажет.  

 Ойын (әзірше) қаржылай салымдарды талап етпейді, алайда өз ақшасынан және пайдаланушылардан айырылу тәуекелі бар. Себебі күн сайын шығып отыратын жаңа трендтермен қатар алаяқтар да айлаларын асыруға тырысып бағуда.