Импорттық тауарларға минималды бағалар деңгейі енгізіледі
301
Ai-news.kz. Минималды бағалар деңгейін қолдану туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
— Осы жылдың 16 маусымында Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мынадай тауарларға қатысты минималды бағалар деңгейін (МБД) қолдану туралы шешім қабылдады: ірімшік пен сүзбе, картоп, қырыққабат, сәбіз, саңырауқұлақтар, банан, апельсин, мандарин, алма, хурма, көкжидек, күнбағыс дәндері, маргарин, шұжық өнімдері, макарон өнімдері, минералды немесе химиялық тыңайтқыштар, еріткіштер мен сұйылтқыштар, антифриздер, шлак мақтасы, минералды силикат мақтасы, отқа төзімді кірпіштер, — делінген министрлік хабарламасында.





