Қазалыда кірістер органдары қызметкерлеріне алғыс хаттар табысталды

175

Ai-news.kz. Қазалыда Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күні аталып өтті

14 тамыз – Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күні. Осы датаға орай Қазалы ауданында салтанатты қабылдау ұйымдастырылып, сала қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Іс-шара аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтті.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев басқосуда сөз сөйлеп, мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерінің аудан бюджетінің артуына, мемлекеттік және әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асуына, жалпы аудан экономикасының өркендеуіне қосып келе жатқан үлестерін атап өтті. Ол сала мамандарына адал еңбектері үшін алғысын білдіріп, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Мерекелік қабылдау барысында аудан дамуына өзіндік үлес қосып жүрген мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері мен ауылдық округтердің салық мамандары, сондай-ақ сала ардагерлері марапатқа ие болды. Оларға Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының Құрмет грамоталары және аудан әкімінің Алғыс хаттары табыс етілді.

Жиында аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш пен салық саласының ардагері Кемалбай Көпжасаров та сөз сөйлеп, сала қызметкерлерін құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

Салтанатты шара соңында аудан өнерпаздары мереке иелеріне арналған концерттік бағдарлама ұсынып, әсем әндерімен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.